Русский Сайттың толық нұсқасы

Риддерде "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары өз таңдауын жасады

Риддерде "Мерейлі отбасы" байқауының жеңімпаздары өз таңдауын жасады. Оразаевтар отбасы мұндай маңызды саяси науқанға азаматтардың барлығы қатысу керек дейді. Себебі, елдің ертеңі үшін әрбір дауыс маңызды.

ОРАЗАЕВТАР, ОТБАСЫ:

Референдумда дауыс беру біздің отбасымызда өте маңызды. Себебі, бұл біздің азаматтық парызымыз. Кез-келген 18 жасқа толған Қазақстан азаматы бүгінгі күні өз таңдауын жасайды деген ойдамын. Мен де көпбалалы ана ретінде өзімнің және балаларымның болашағын ойлап өз таңдауымды жасадым. Және де өз таңдауым дұрыс деп ойлаймын.