Русский Сайттың толық нұсқасы

"Саяси науқанды ұйымдастыру деңгейі жоғары", - халықаралық бақылаушы

«Екі күннен бері саяси науқанды ұйымдастыру деңгейі жоғары екенін байқадық», дейді халықаралық бақылаушы Игорь Карпенко. Таңнан бері 4 референдум учаскесін аралаған ол дауыс берушілерге барлық жағдай жасалғанын айтады. Сондай-ақ бақылаушылар тарапынан ешқандай шағым жоқ екенін жеткізді. Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы таңертең дауыс берушілер қатары аз болғанымен, түскі уақытта халықтың қарасы көбейгенін айтты. 

ИГОРЬ КАРПЕНКО, БЕЛАРУСЬ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Халықаралық бақылаушы ретінде әртүрлі елдерге барамыз. Бірақ мен Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Қазақстан бұл референдумға аз уақыттың ішінде тыңғылықты дайындалған. Дауыс беру уақыты аяқталғанға дейін біраз учаскелерді аралау жоспарланған. Біз жергілікті бақылаушылардың пікірін назарға алатын боламыз.