Русский Сайттың толық нұсқасы

Сайлаушылар саны бойынша көш бастаған өңірлер аталды

Референдум аяқталды. Халықтың саяси науқанға қатысу көрсеткіші жоғары деңгейде. Шамамен 7 млн 537 мың 675 адам дауыс берді. Мұның өзі мәселенің қандай өзекті екенін аңғартады. Қазір Орталық Референдум Комиссиясынан әріптесім Сүндет Оралбек тікелей байланысқа шығуға дайын. Сүндет тізгін өзіңде.

Рахмет, Қасымхан! Орталық референдум комиссиясы әр екі сағат сайын ақпаратты жаңартуда. Сағат кешкі 6-дағы көрсеткіш бойынша 7 жарым миллионнан астам адам бюлитень алған. Бұл жалпы қатысушылардың 61,56 пайызы. Өңірлер бойынша Сыр елі көш басында. Сайлаушылардың 79,87 пайызы таңдауын жасаған. Түркістан облысы 74,23 процентпен екінші, Шығыс Қазақстан 72,58 пайызбен үздік үштікте. Мегополистер бойынша Шымшахар 68,89 процентпен алда тұр.

РОМАН ВАСИЛЕНКО, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

7 358 астам Қазақстан азаматы өз дауысын берді. 60 сайлау учаскелері әлі өз жұмысын жалғастыруда. Атап айтқанда, Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыс, Еуропа, Оңтүстік Америка және АҚШ елдерінде. Соңғы болып Сан-Францискода бір сағаттан кейін учаске ашылады.

Саяси науқанға қатысушылардың қорытынды көрсеткіші бір сағаттан кейін белгілі болады.