Русский Сайттың толық нұсқасы

“Референдум ашық әрі әділ өтіп жатыр”, - ШЫҰ

"Референдум ашық әрі әділ өтіп жатыр". Шанхай ынтымақтастық ұйымының миссия басшысы осылай деді. Ұйымнан биыл 13 байқаушы аккредиттелген. Олар орталық референдум комиссиясы саяси науқанды қысқа уақыттың ішінде ұйымдастырғанына тоқталды. Дауыс беру барысында Заңнама толық сақталған дейді. Халықтың белсенділігі жоғары екенін айтып, отбасымен келген азаматтарды көргенде қуанғандарын жеткізді.

ОЛЕГ КОПЫЛОВ, МИССИЯ БАСШЫСЫ, ШЫҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ешқандай құқықбұзушылық байқамадық. 13 өкіл күні бойы учаскілерге барды. Әлі де бақылаймыз.

Ал, Түркі мемлекеттерінің ұйымынан 11 байқаушы келген. Олар бүгін рандомды түрде 17 учаскіге барып үлгеріпті. Мониторинг барысында құқықбұзушылық байқалмаған. 

САДИ ДЖАФАРОВ, МИССИЯ БАСШЫСЫ, ТМҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұған дейін біз Орталық референдум комиссиясымен бірнеше кездесу өткіздік. Біздің миссиямыз - бақылау. Заңнама сақталған ба, тұрғындардың құқығы қорғалып жатыр ма, осыны бақылаймыз.