Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалпыхалықтық референдумда дауыс беру аяқталды

Ел бойынша дауыс беру аяқталды. Бірақ комиссия мүшелері үшін жұмыс күні біткен жоқ. Олар бюллетеньдерді санауға кірісті. Дәл қазір Елордадағы референдум учаскісінен әріптесім Аружан Задабек тікелей байланысқа шықпақ. Аружан, бюллетеньдерді санау кезінде заң бұзу деректері анықталмады ма? Дәл қазір референдум учаскесінде не болып жатыр? 
   
АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Кеш жарық, Қасымхан! Елде Астана уақытымен тура 20.00-де дауыс беру аяқталды. Елордада жалпы саны 460 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның 352-сі ашық, 34-і жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан. Мен тұрған №294 учаскіде таңғы 7-ден бастап кешке дейін дауыс беруге келгендер үзілген жоқ. Астанадағы ауа райы да саяси науқанға қарасып тұрғандай. Күн жып-жылы, шуағын шашып тұрды. Мұнда --- азамат тіркелген. Референдум учаскілері жабылғанымен мұнда жұмыс әлі қызу. Бюллетеньдерді санау жүріп жатыр.
Ал менің қасымда №294 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Сырым Нұғыманов тұр. Сырым Ботаханұлы, бүгінгі күн қалай өтті? Заңбұзушылық тіркелген жоқ па?

СЫРЫМ НҰҒЫМАНОВ, №294 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Рақмет! Іске сәт! Комиссия мүшелерінің жұмысына кедергі жасамайық. Қасымхан, мендегі ақпар осы. Сөз тізгіні өзіңізде.