Қостанай облысында референдумды бақылауға 1440 байқаушы қатысып жатыр. Олар өңірдегі 720 ашық учаскі жұмысын жіті назарда ұстап отыр. Қостанайда «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының өкілдері таңғы алтыдан бастап жұмысқа кірісті.1400-ден астам байқаушы саяси науқанның барысын бақылауда. Олар облыстағы 20 аудан мен қалалардағы ашық учаскілерді қадағалауда. Арнайы оқу-курсынан өткен байқаушылардың дені жастар.
ДИАНА РАҚПАНОВА, «JARQIN ÄLEM» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Таңертеңнен бастап осы Қостанай қаласында бізде 174 байқаушылар жұмыс жасайды.Осы уақыт аралығында бізде ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ.