Алматы облысы халқының шамамен 75%- дан астамы референдумға қатысты. Бұл -1 миллион 100 мыңнан астам адам. Учаскелерде дауыс берушілер үшін барлық жағдай жасалған. Облыс орталығында қоғамдық көлікпен жүру тегін болды. Толығырақ тілшіміз Жомарт Түзелбай тарқатады.
Қонаев қаласының тұрғындары референдумда өздерінің белсенділіктерін көрсетті. Таң атқаннан учаскелерге ағылып, таңдау жасады. Мүгедектігі бар азаматтардың да референдумға қатысуына жағдай жасалған. Бүгін оларға арнап 1 инвотакси қызмет етті.Шаһарда мүмкіндігі шектеулі 1088 тұрғын болса, соның 150-і үйден дауыс беруге өтінім қалдырған.
ЛИДИЯ ГРЕЩЕНКА, 2-ТОП МҮГЕДЕГІ:
Қартайған шағымда да, қоғамдық өмірге белсене атсалысқым келді. Сондықтан үйден дауыс беруге өтінім бердім. Референдум маңызды оқиғаның бірі. Дауыс беру азаматтық парызымыз.
Дауыс беру учаскелері келушілерден бір сәтке де толастаған жоқ. Үлкен кісілермен қатар жастар да күйбең тірліктерін тастап, ел үшін маңызды шешім қабылдауға келді.
ӘЛИЯ КҮЗЕМБАЙ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Қазақстан тек жастардың қолында осы Қазақстанымыз өркендей берсін, көркейе берсін, тек Қазақстанымыз жарқын болғаны біз үшін жақсы. Осындай елімізге маңызды шешімдерге ат салысқаныма мен өте қатты қуаныштымын.
Референдумға орай ретро көліктер шеруі ұйымдастырылды. Оның жүргізушілері де дауыс беру учаскелеріне келіп, ерекше назарға түсті.
ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:
Алматы облысы бойынша барлық учаскелер жабылды. Дауыс беру толықтай аяқталды. Ешқандай құқықбұзушылық тіркелген жоқ.