Русский Сайттың толық нұсқасы

"Референдумға қатысу - азаматтық парыз",- Ұ.Есдәулет

Белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет Алматыдағы 253-ші сайлау учаскесіне барып, АЭС құрылысына қатысты өз таңдауын жасады. Зиялы «Жалпыұлттық референдум еліміздің экономикалық және экологиялық болашағына ерекше әсер етеді. Сондықтан халық саяси науқанда ұтымды шешім қабылдаған жөн» - деп атап өтті.

ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТЫҢ ЛАУРЕАТЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Бұл референдум деген бүкіл мемлекеттік, бүкіл қоғамдық мәселе болғандықтан оған өзінің көзқарасын, өзінің ұстанымын және өзінің дауысын беру әрбір қоғам мүшесінің, Қазақстан азаматының парызы деп есептеймін. Сондықтан мен де бүгін өзімнің таңдауымды жасап, өзім тұратын аудандағы 253-ші участокқа келіп, дауысымды беріп отырмын.