Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ашықтықты қамтамасыз ету үшін бейнекамералар орналастырылған", - Ч. Лин

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі референдумға өз бағасын берді. Бас хатшының орынбасары Чжан Лин халық дауыс беруде белсенділік танытқанын айтты. Ол референдум учаскелерінде тұрғындар қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етіліп, мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалғанын жеткізді. Сондай-ақ учаскелерде ашықтықты қамтамасыз ету үшін бейнекамералар орналастырылғанын атап өтті. 

ЧЖАН ЛИН, АЗИЯДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ СЕНІМ ШАРАЛАРЫ КЕҢЕСІ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстандықтар референдумға белсенді қатысып жатқанын байқадық. Әсіресе жастар жағы. Көбі отбасымен, балаларымен бірге келді. Учаскелік комиссиялардың мүшелері дауыс беру үшін қажет жағдайларды қамтамасыз еткен. Жалпы дауыс беру белгіленген тәртіпке сай еркін жүргізілді. Дауыс берушілер тарапынан бақылаушыларға қандай да бір шағымдар, ескертулер түскен жоқ.