Түркіменстанда несиелері бар азаматтарға шетелге шығуына тыйым салынды. Шетелге жұмыс істеу үшін немесе қарыздарын жабу үшін несие алғандар енді елден шығарылмайтын болды.
Балқан велаятының тұрғындары Ресей мен Түркияға рейстерге жіберілмеген. Олардың визалары болса да, төлқұжаттарын алып алған. Төлқұжатынан айырылған балқандықтар мұның себебін анықтау үшін Велаят көші-қон қызметі басқармасына жүгінген. Оларға банктегі несиені жауып, пайыздарды төлегеннен кейін ғана құжат қайтарылатыны айтылған.
«Шетелге төлқұжат виза және басқа шығындарды жабу үшін барғысы келетін адамдар банктерден несие алады», – деді жұртшылық.
Соңғы уақытта Түркіменстанда ауыл тұрғындарының саны артқан. Олардың шаруашылық жағдайы нашарлағандықтан шетелге шығып табыс табу үшін алдымен несие алады екен.
«Балқан велаятында жұмыссыздық өсуде. Табиғи апаттарды көбейіп, су тасқыны салдарынан егістік шықпай жатыр. Бұл көптеген адамдарды табыс көздерінен айырған. Осы себепті адамдар шетелге ақша табу үшін коммерциялық банктерден 20-30 мың манат несие алған», – дейді тағы бір дереккөз.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.