Русский Сайттың толық нұсқасы

Жылдамдықты асырған жүргізушілер екі есе айыппұл төлейді

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2024
  • 104

Қазақстанда жылдамдық режимін асырған жүргізушілер үшін айыппұл мөлшері екі есе артады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

3 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты екі заңға қол қойды. Олардың бірінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізіліп, жүргізушілерге арналған айыппұлдардың жаңа мөлшері бекітілді. Бұл айыппұлдар екі айдан кейін заңды күшіне енеді.

Енді заң бұзған азаматтар 40 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейтін болады. Бұл 147 680 теңгені құрайды. Егер бір жылдың ішінде құқық бұзушылық қайталанса, айыппұл 60 АЕК-ке дейін өсіп, 221 520 теңгеге жетеді.