Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетауда шетелдік жүк көліктерін заңсыз тіркегендер сотталды

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2024
  • 65

Көкшетауда шетелдік жүк көліктерін заңсыз тіркеген халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкері 5 жылға сотталды. Ол ұзақ уақыт бойы жалған құжаттар жасап, 68 темір тұлпарға мемлекеттік нөмір таққан.

Осылайша мемлекетке 448 миллион теңге шығын келтірген. Көкшетау қалалық сотының мәліметінше, бұл іске қатысы бар тағы екі адам 5 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Қазақстан телеарнасы хабарлайды.