Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалпыхалықтық референдумның алдын ала нәтижесі жарияланды

Жалпыхалықтың референдумда халықтың 71,12 проценті АЭС құрылысын қолдаған. Яғни, 5 млн 561 мың 937 азамат келісімін берді. Бұл саяси науқанның алдын ала нәтижесі. Ал 2 млн 45 мың 271-і қарсы болды. Жалпы дауыс беруге 7 млн 820 мың 204 тұрғын атсалысты. Олар референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың 63 пайызы. Таңдау жасау кезінде бюллетеньдерді бүлдіргендер де болған. Ондай 130 267 жауап есепке алынбады. 

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Биылғы 7 қазандағы таңғы сағат 8:00-дегі жағдай бойынша еліміздің барлық өңіріндегі және шетелдегі 10 323 референдум учаскесінде дауыстарды санау аяқталды. Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының комиссияларынан алынған жедел деректердің негізінде, Орталық референдум комиссиясы референдумда дауыс берудің алдын ала қорытындысын шығарды.