Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада бастауыш партия өкілдері референдумды талқылады

Астанада бастауыш партия ұйымының өкілдері референдумның қорытындысын талқылады. Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда өткен басқосуда қызметкерлер саяси науқанның жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Кездесуге қатысқандар атом электр станциясының маңыздылығы жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ елдің болашағы үшін атқарылған игі іс деп баға берді. «АMANAT» партиясының өкілдері дауыс беру барысында тұрғындарға толық ақпарат беріліп, арыз-шағымдар болмағанын айтты. 

ЕРЛАН ДӘКЕНОВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгінгі таңда әркім өз таңдауын жасады. Диалоговый отырыс дейді ғой, бір-бірімен сұрақ алмасу ұсыныстарын, кешегі күннің қалай өткенін, қандай жағдайда деген секілді деген ойларын білгіміз келді. Сол шараны өткізіп алдық.