Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде скутер мінген екі жігіт қаза тапты

Ақтөбеде скутер мінген екі жігіт қаза тапты. Олар жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соққан. 18 және 20 жастағы жігіттер тілге келместен көз жұмды. Оқиғаға қатысты тергеп-тексеру басталды. 

ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жол көлік оқиғасынан 18 жастағы скутер жүргізушісі және оның 20 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Абайсызда екі немесе оданда көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалыс ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.