Русский Сайттың толық нұсқасы

Риддер жылу электр орталығында көмір нормадан аз жиналған

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2024
  • 292

Жылу беру маусымы басталғанына қарамастан Риддер жылу электр орталығында көмір қоры нормадан аз жиналған, деп хабарлайды Astana TV.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, ШҚО-дағы Риддер жылу электр орталығында 2 қазандық (№ 3, 6) жұмыс істеп тұр. Екі қазандықты (№1, 2) жөндеу аяқталды, іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. де. Тағы 2 қазандықты (№ 4, 5) жөндеу жұмыстары 10 қарашаға дейін аяқталады.

«Энергия көздерінің отын қоймаларында 5,2 млн тонна көмір және 88 мың тонна мазут жинақталған, жалпы нормаға сәйкес келеді. Тек Риддер жылу электр орталығында көмір қоры 14 тәулікті ғана құрайды, ал норма бойынша 20 тәулік болуы керек», - деді Сәтқалиев үкімет отырысында.

Түркістан облысы Кентау қаласының жылу электр орталығында №8, 10, 11 қазандық іске қосылды. № 5, 6, 9 қазандықтар қазан айының ортасына дейін дайын болуға тиіс. Министрдің айтуынша, қыс мезгілінде 4 қазандық жұмыс істеп тұруы қажет.

Ал Маңғыстау облысында энергия жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі үшін «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС жылу электр станциясының № 3 энергия блогын жөндеуді осы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.