Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жарты жыл депрессияда жүрдім»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі 3 жылға сотталғанын айтты

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2024
  • 125

Танымал тележүргізуші, экс-сенатор Дана Нұржігіт Динара Сәтжанға берген сұхбатында бұрынғы күйеуіне қатысты шындығын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, екінші күйеуі ажырасқан соң соңына түсіп, аңдыған.

«Екінші жолдасыммен ажырасқан соң, ол соңымнан аңдып жүрді. Менің өмірімде де осындай жағдай болды. Қазір құлағаннан кейін қалай аяққа тұру керегін жақсы білемін. Бірінші жолдасым, баламның әкесінен ажырасқан кезде бір-біріміздің көңілімізге тиетін сөздер, түрлі жағдайлар болды. Соңында, бір-бірімізді түсіндік. Сол кезде мәдениетті түрде ажырасудың не екенін түсіндім. Яғни, білімді адам үшін мұндай кезең қалыпты жағдайда болады. Ал адамға түсіндіру мүмкін болмаған кезде, неге ажырасамыз деген сынды сұрақ туындайды. Мұны ондай адамға қалай түсіндіруге болады, – деді медиа маман.

Сондай-ақ ол 6 ай бойы депрессияда болып, психотерапевтпен жұмыс істегенін айтты.

«Қазақстанда сталкинг (аңду) заңды бұзу болып есептелмейді. Тіпті ол тіркелмеген. Әдетте, аңдушылар өздерінің құрбаны туралы ақпаратты жинай бастайды. Алайда ол сіз туралы бәрін білетін бұрынғы күйеуіңіз болса, оқиғалар одан да жоғары жылдамдықпен дамиды», – дейді Дана Нұржігіт.

Динара Сәтжан видеожазба астына Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуінің 3 жылға шартты түрде соттатқанын жазды.

«Олар өзінің құрбаны жайлы ақпарат іздейді. Алайда сталкер сенің бұрынғы күйеуің болса, бәрі одан бетер тез өрбиді. Бірақ Дана мойымай, сотта бұрынғы күйеуі кінәлі екенін дәлелдей алды. Осы жазда оны Қылмыстық кодекстің 147 бабы бойынша 3 жылға шартты түрде соттады. Ол жеке өмірге қол сұқпау тәртібін бұзған», - деп жазды Динара Сәтжан.

Журналист тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтқан еді. Медиа маманы моральдық-психологиялық қысымға ұшырап, денсаулығына зардап келгенін жеткізген.