Шымкентте салмағы алты келіден асатын алып сәби дүниеге келді. Әйелді табиғи жолмен босанған, деп хабрлайды Astana TV.
Қала тұрғыны Альмира Жандарбекова 3 қазан күні Шымкент қалалық № 2 аурухананың перзентхана бөліміне келіп түскен. Дәрігерлер келіншекті бақылауға алып, перзентханада толғағы келгенін күткен. 6 келі 500 грамм, бойы 63 см сәби дүниеге келді. Нәрестені туыстары Тауекел деп атады.
Бұл Альмира Жандарбекованың алтыншы жүктілігі.
Дәрігерлер қазір ана мен баланың жағдайы жақсы, денсаулыққа ешқандай шағым жоқ.
«Қазір ана мен бала өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Жағдайлары жақсы»-, дейді аурухана дәрігерлері.