Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қастықпен өлтірді»: Мақпал Жүнісова Арман Дүйсеновтің ұлының қазасы туралы айтты

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2024
  • 343

Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм Арман Дүйсеновтің ұлы өмірден өткенін естіп, сазгердің әйеліне көңіл айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Сондай-ақ, өнер иесі Абылай Арманұлын қастықпен өлтірді деген хабарды естігенін жазды.

 «Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын! Өлтірген адамды тауып, жазасын беру керек. Айсұлу айналайын, Алла саған сабыр берсін. Кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасымен бауырына қайғырып көңіл айтамын!», - деп жазды Халық әрітісі.