Русский Сайттың толық нұсқасы

Орман өрті дес бермей тұр

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2024
  • 137

Ресейдің оннан астам өңірінде орман өрті дес бермей тұр, деп хабарлайды Astana TV.

Рязань облысында қызыл жалын елді мекендерге қауіп төндіріп жатыр. Қатты жел мен аптап ыстықтың салдарынан өрт Воскресеновка және Ижевское ауылдарына тарады. Воскресеновкада өрттен 10 үй жанып кеткен. 

"Рубцовский ауданы, Захарово ауылының маңында шөп өртеніп жатыр. Оны сөндіруге Алей өзені кедергі келтіруде. Бір күнде 45 өрт тіркелді. Жағдай бақылауда", - дейді ТЖ қызметкері Игорь Весняцов. 

Ресейден Қостанай облысының аумағына өткен өрт сөндірілді. Жітіқара ауданында 1400 шаршы метр аумаққа жайылған отты құтқарушылар мен шекара қызметінің мамандары жедел қимылдап, ауыздықтап үлгерді. Зардап шеккендер жоқ.