Қызылжар өңірінде тасыған Есіл өзені Сергеев су қоймасының байқау алаңын шайып кетті. Мамандардың айтуынша, қазір стратегиялық нысан 64 пайызға толық. Ал судың деңгейі дамбаның қырынан 3 метр 30 сантимерге асқан. Мұндай жаға ұстатарлық көрсеткіш соңғы 30 жылда алғаш рет қайталанып отыр. Сарылдап аққан күшті ағынға бөгет маңайындағы жар шыдас бермеген. Дегенмен, қазір тасқын шарықтау шегіне жетіп, су деңгейі төмендей бастады, дейді құтқарушылар.
Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
Сергеев
су қоймасында байқау алаңы бұзылды. Ол дамбаның құрылысына әсер етпейді. Ол
қойма абаттандырылуының бір нышаны болып саналады. Қазір әлгі жер қоршалып,
күзетіліп жатыр.