Русский Сайттың толық нұсқасы

Тасқын судан зардап шеккен Атбасар тұрғындарына жаңа үй салынуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2017
  • 2699

Тасқын судан зардап шеккен Атбасар тұрғындарына жаңа үй салынуы мүмкін. Бұл туралы Атбасар ауданының әкімі Андрей Никишев мәлімдеді.

Қазір төтенше жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылған. Олар жақын уақытта келтірілген шығын мөлшерін есептейтін болады. Зақымданған 300 үйдің кейбіріне жөндеу жүргізіліп, ал қалпына келтіруге келмейтін үйлерді сүріп, жаңа үй тұрғызу жоспарда бар. Жалпы шаңырағынан айырылған жергілікті жұртты жыл соңына дейін үймен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Өтемақы көлемі де екі аптадан кейін анықталатын болды.

Андрей Никишов, Атбасар ауданының әкімі:

Өткен жылы біз тасқын судан зардап шеккендерге төрт үй салып берген едік. Бұл жолы да 2017-ші жылдың соңына дейін барлық баспана мәселесін шешеміз деп отырмыз.

Досболат Сыздықов, Атбасар қаласының тұрғыны:

2014 жылы 1 метр 30 сантиметр келді. Енді биыл 2017 жылы 60 сантиметрге қосылды. 1 метр 90 сантиметр болып жатыр.