Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қала балаларға қауіпсіз болу керек", - Қ. Семғазиев

Балалардың қауіпсіздігі маңызды. Астанада мектеп және колледж директорларының қатысуымен кеңес отырысы өтті. Онда ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселе талқыланып, жиналғандар пікір алмасты. Жиын қалалық әкімдіктің бастамасымен өткізілген. 

Жиынға қаладағы 300 ге жуық мектеп пен колледж басшылары қатысты. Онда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер мен бала қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Отырыста қала әкімінің орынбасары Есет Байкен мектеп асханасындағы тағам сапасын күнделікті қадағалау қажет дейді. Сантитарлық талап сақталуы керек. 

ЕСЕТ БАЙКЕН, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бүгінгі жиында көтерілетін мәселе ол балаларымыздың білім беру ошақтарындағы қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар. Әріптестеріміз Маңғыстау облысында мектеп асханасында болған жағдай жаппай улану жағдайын бәріміз көрдік. Ол кең талқыланды. Осыған қатысты мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыруға ерекше назар аудару қажет. Әсіресе брокераж комиссияларының жұмысына мән беру керек. 

Балалар арасындағы құқық бұзушылық та жауаптыларды алаңдатып отыр. Биыл жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты 186 жағдай тіркелген. 

ҚАСЫМХАН СЕНҒАЗЫЕВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Балалардың қауіпсіздігі бұл біздің бірінші міндетіміз алдымызда тұрған. Ол мектеп те болсын, көшеде болсын немес басқа бір жерлерде жүрсе де біздің жалпы қаламыз балаларға қауіпсіз қала болу керек. Ата-анала психологтарға жүгінуге қорқып жатады. Осы психологтардың ата-аналардың алдында абыройын қалай көтереміз және осыған сенімді қалай арттырамыз осы бағытта қандай жұмыстарды атқаратынымызды талқылайтын боламыз. 

Мамандардың айтуынша, бала қауіпсіздігіне ата-ана да, мұғалім де жауапты. Бірлесе әрекет еткенде ғана нәтиже болады. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіне немқұрайлы қарамай, жауапкершілікпен қарау қажет дейді. 

АСИМА БИМЕНДИНА, ҚАЛАЛЫҚ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:

Балалардың қауіпсіздік жағдайы мектептің ауласынан басталады. Тазалық болу керек. Одан кейін барлық кабинеттер дұрыс жөнді істей ма жоқ па? Соның барлығы мен ойлаймын таза жерге келген, барлығы орнында болған жерге келгенде балалардың жүректерінде де, бастарында басқа ой тумайды. Сондықтан осы қарым-қатынасқа мектеппен ата-аналар соған біз жұмыс істеуіміз керек. Мен ойлаймын мектепте де дұрыс өтеді деп ойлаймын оқу процесі. Өйткені біз білім ғана бермей ең бірінші тәрбие жолыңа көңіл бөлуіміз керек. 

Жиында мекеме басшыларына әрбір істі бақылау қажеттігі айтылды. Бұдан өзге алдағы оқу жылының жоспары таныстырылды.