Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл соңына дейін хиджаб киюге тыйым салу заң жүзінде бекітілуі мүмкін - Б.Күлекеев.

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2017
  • 4937

Жыл соңына дейін хиджаб киюге заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы біздің арнаның тілшісіне берген сұхбатында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілі Бақыт Күлекеев айтты. Оның айтуынша, өзге елдің ұлттық киімін киетін негізінен Атырау, Ақтөбе мен Алматы облысының қыз-келіншектері. Қазір министрлік мамандары заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолға алған. Құжат жылдың соңына дейін үкіметке ұсынылатын көрінеді.

Бақытжан Күлекеев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дін істері комитеті төрағасы міндетін атқарушы:

Елбасымыздың айтылған сөзінен кейін тиісті тапсырма келеді. Қазірдің өзінде бұл мәселе біз көңіл аударып, зерттеудеміз. Әрине, тыйым салына ма? Қандай түрде, қандай деңгейде салынады? Оның барлығын ойластыру керекпіз. Ал заңнамалық өзгерістерде қараймыз. Мемлекеттік органдардың пікірін жинақтап, сол кезде енуі мүмкін.