Русский Сайттың толық нұсқасы

«Милтон» дауылы жақындады

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2024
  • 171

АҚШ-тың Флорида штаты Тампа шығанағына жақындаған 5-ші санаттағы «Милтон» дауылына дайындалып жатыр. Дауыл сәрсенбі күні құрлыққа жетеді деп болжануда, деп хабарлайды Euronews.

Елдің алты штатында 230-дан астам адамның өмірін қиған алапат «Хелин» дауылынан кейін екі апта өтпей жатып тағы бір табиғи апат болады болжанып отыр. 

«Таяуда жойқын дауылдан зардап шектік. Көп жерді су басып қалды. Сондықтан бұл жолы кезекті дауылға дайындалғанды жөн көрдік. Үйдің айналасына өткен аптада болған жағдайдың алдын алу үшін құм салынған қаптарды жинап жатырмыз», - дейді Флорида тұрғыны Луис Смит.

Тұрғындарға бірнеше апта ішінде осымен екінші рет эвакуациялану туралы бұйрық берілді. 

«Жергілікті билікті тыңдаңыздар, өйткені мен көптеген адам бұл дауылдан зардап шеккенін білемін. Бұл жағдай жергілікті тұрғындарға оңай тимесі анық», - деді АҚШ вице-президенті Камала Харрис. 

«Хелин» дауылының екпіні 2,4-3,6 метрге жетуі мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, «Милтон» Атлант мұхитындағы рекордтық ең жылдам дамып келе жатқан үшінші дауыл болды. Небәрі 12 сағатта ол бірінші санаттағы дауылдан бесінші санаттағы дауылға дейін күшейді. Ғалымдар ауа райы ауытқуларының жиілігін климаттың өзгеруі мен жаһандық жылынумен байланыстырып отыр.