Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар өңірінде балалар үйінің көрсеткіші қысқаруда

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2017
  • 2419

Павлодар өңірінде тағы бір жетімдер үйі жабылады. Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, соңғы жеті жылда 4 мекеме жабылған. Өңірде 4 интернаттық типті мекеме бар. Сондай-ақ, 2 отбасы үлгісіндегі ауыл, 5 отбасы үлгісіндегі балалар үйі мен 2 арнайы мекеме жұмыс істейді. Шенеуніктердің ақпарынша, аталған орталықтарда 2010 жылы 800-ден астам балғын тәрбиеленген. Ал, қазір олардың саны екі есеге азайып, 484-ті құраған. Білім басқармасындағылар көрсеткіштің әлі де төмендейтініне сенімді. Өткен жылы 99 балғын ата-анасымен қайта қауышқан.

Маржан Қайырбаева, Павлодар облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

Егер бізде 2010 жылы 19 балалар үйі болса, қазір оның саны 14-ке қысқарған. Биыл тағы біреуін жабуды жоспарлап отырмыз. Бұл жерде интернат типті ірі мекемелерді жабуға басымдық береміз. Өйткені тәрбиеленушілер саны азайып жатыр.