Русский Сайттың толық нұсқасы

Соңғы 2 жылда асырауға алынған балалардың 399-ы жетімдер үйлеріне қайтарылған

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2017
  • 2940

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров келтірген мәлімет бойынша, соңғы 2 жылда асырауға алынған балалардың 399-ы жетімдер үйлеріне қайтарылған.

Қоғамдық ұйым өкілдері «жетімдік азабын екінші рет тартпауы үшін, балалардың құқын заңды түрде қорғау керек» дейді. Мысалы, баланы қайтарғандарға алимент төлету сияқты міндеттер жүктеу ұсынылып отыр. Шымкенттік алты жастағы Любаны асырап алған әйел 3 айдан соң балалар үйіне қайта әкеп тастаған.

Люба:

Ол жақта бұрышқа тұрғызып қойды. Содан түнде ұйықтамадым. Мамам ұйықтатқызбады. Жыладым содан бұрышта.- Достарыңды сағындың ба?  -Иә, Арайды, Виканы, Әлиханды.


Бұл туралы материалды ертең 20-00-де "Біздің уақыт" апталық-сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар.