Атырау облысындағы 100жылдан астам мұнай өндіретін Жылыой ауданының апатты үй тұрғындары тыныш ұйқыдан қалған. Олар бала-шағамызбен бірге үйінді астында қаламыз ба деп қорқады. Құлсары қаласының «Атамұра» ықшамауданындағы барак типті үйлер 1946 жылы салынған. Апатты деп танылғанына қарамастан әлі күнге дейін бұзылмай тұр.
БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Пайдалануға берілгеніне ғасырға жуықтаған барак типті үйлер бұрын жұмысшылардың жатаханасы мен асханасы болған. Баспананың іргетасы құйылмаған, жай тастан салынған. Қазір ол топыраққа айналып, күннен күнге шөгіп барады.
Қабырға құлайтын күні Жұмағыз Демесінова дәл осы бөлмеде жатқан. Абырой болғанда ұйқыдан тұрып үлгердім,- дейді.
ЖҰМАҒЫЗ ДЕМЕСІНОВА, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Таңертең төсегімізді жинап бастағанда құлады. Құлағасын енді аң таң болып қалдық абдырап. Кімді сағалаймын, баратын жерім жоқ. 3 ай інімнің үйінде тұрдым. 3 айдан кейін қаңғып, Құлсарыға келдім. Вокзалда үй жалдап тұрып жатырмын.
КҮНСҰЛУ ҰЗАҚБАЕВА, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Жаңбыр жауғанда төбемізден су ағады. Отырамыз әр жерге шелек қойып, ыдыс қойып. Қабырғамыз жарық, отырып жатыр. Күнде біз де біссіміләмізді айтып жатамыз құлап қалмаса екен деп.
Тұрғындар тапқан-таянғанына үйді жыл сайын сылайтынын айтады. Әкімдіктегі атқамінерлер жиі ауысып, ешкім назар аудармай отыр,- дейді әбден қажыған халық.
СЕРІКБОЛСЫН ҚОЖАНОВ, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Жарымыз далаға қарай құлап алып бара жатыр. Бұған енді үкіметке кірсек, айтады сіздердің үйлеріңіз жекеменшік , өздеріңіз тұрғын үй көмегін алмай жекеменшік болған жерде майлап сайлап ілекереп тұра тұрыңдар дейді. Біздер рас ықшам аудан болса, корпус үй болса ілекерлер тұрар едік. Мына үй саман тасты қашанға ремонт жасауға болады?
СӘЛИМАШ СҮЛЕНОВА, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Менің 3 кішкентай балам бар. Ең үлкені 4ке енді толады. Жолдасым 14 күндік жұмысқа кеткенде өзім қонамын. Төбе түсіп кете ме деп қорқамын, балаларымның үстіне түсіп кете ме деп.
Әкімдіктегілер бұған дейін тұрғындарға үйдің апатты екенін дәлелдеңдер деп шарт қойған. Халық арнайы маман шақырып, тұруға жарамсыз екенін дәлелдейтін техникалық қорытынды алған. Содан кейін ғана пәтер кезегіне тұрыпты. Енді жыл сайын уәдемен тойдырып келеді,- деп өкпелі.
Ғалымжан ЖОЛДЫБАЕВ, ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Алдағы сессияға мәслихаттың осы кісілердің кіргізіп, өзімізге ақша сұрап, ақшаны алып,сәуір айында келесі жылдың бұл кісілерге үй салып бері, үй тауып беру қамын ойластырып жатырмыз. Мүмкіндік болса салып беру сол ақшаға, сатып алатын жекеменшік үй ол ақшаға келе ме, келмей ме, келмейді, бізге мүмкін болса салып бергеніміз дұрыс. Салып беру үшін ақша сұраймыз сессиядан.
Әкімдік өкілі ол үшін 1 миллиардың 100 миллион теңге шамасында қаржы керек деп отыр. Атқамінерлер уәдесіне тұрса, халық келер жылы ғана қауіпсіз баспанаға көшеді. Айта кетейік, Атамұра ақшамауданындағы 10 үйден басқа, қалада тағы 23 апатты баспана бар.