Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда қалалық әкімдік су жаңа асфальттың үстіне бөгет салып, миллиондаған қаржыны желге ұшырды

Миллиондаған қаржы желге ұшты. Қызылжарда қалалық әкімдік су жаңа асфальттың үстіне бөгет салған. Петропавлдың шетіндегі айналма жол Ойқала ауданын Есіл өзенінен оқшаулап тұрған. Биыл алапат тасқын кезінде бөгетті су шайып кетіп, үстіндегі жол жарамсыз болып қалды. Қазавтожол компаниясы жолды қалпына келтіруге 45 миллион теңге бөліп, шұрық-тесікті жамапты. . Алайда, бүкіл еңбек зая кеткен көрінеді. 

Қанат ӨСЕРБАЕВ, “ҚАЗАВТОЖОЛ” ҰҚ” АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жолда шұңқырлар пайда болды. Соған байданысты біз жолдың үстіңгі қабатына асфальт салып, автогредер арқылы. Жүргізушілерге ыңғайлы болсын деп істеген болатынбыз. Бұл жерде бөгет салынатынын білген жоқпыз. Қыркүйек айында айтты осындай жұмыстар жүргізіледі деп. Біз асфальт жабындысын екі ай бұрын істеген болатынбыз.

Ал жергілікті билік өкілдері жаңа жол салынып біткесін, бірден үстіне 160 мың тонна ақ балшық себе бастаған. Осылайша, 45 миллион теңгені желге ұшырып, бөгетті көтеруге тағы 290 миллион теңге жұмсамақ. 

Әсем АЙТУЛОВА, ҚАЛА ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Биылғы тасқынға байланысты биыл оның биіктігін ұзарту қажеттілігі туындап отыр. Биыл оның биіктігін 3метрге көтеріліп жатыр. Қазір 1.5 метрі жасалды. Енді 1.5метрі қалды. Бұл қарашаның 15-не дейін аяқталады деп көзделіп отыр.