Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тағы Флорида тарихындағы ең үлкен эвакуация басталды

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2024
  • 279

5,5 миллионнан астам адамға міндетті немесе ұсынылған эвакуация туралы хабарламалар жіберілген

 АҚШ-тың Флорида штатының губернаторы Рон Десантис жақындап келе жатқан «Милтон» дауылына байланысты штат тұрғындарын дереу эвакуациялауға шақырды. Бұл туралы The New York Times газеті жазды деп хабарлайды Almaty.tv.

АҚШ-тың Төтенше жағдайларды басқару жөніндегі федералдық агенттігінің мәліметі бойынша, 5,5 миллионнан астам адамға міндетті немесе ұсынылған эвакуация туралы хабарламалар жіберілген. Бұл – Флорида тарихындағы ең үлкен эвакуация.

"Егер кеткіңіз келсе, қазір кетіңіз", – деді губернатор баспасөз мәслихатында.

Ол президент Джо Байденнің штат билігі ұсынған барлық шараларды қолдайтынын және су тасқынының салдарымен күресуге АҚШ Ұлттық гвардиясының 8 мыңға жуық қызметкері жұмылдырылатынын хабарлады.

«Милтон» Мексика шығанағында 2005 жылдан бері байқалған ең күшті дауыл екені атап өтілді. Бүгін, 9 қазанда ол 3,3 миллионнан астам адам тұратын Тампа-Бейге жетеді деп күтілуде. Синоптиктер дауылдың қай жерде болатынын әлі анықтаған жоқ. Кеше, 8 қазанда Милтонды АҚШ-тың Ұлттық дауыл орталығы (NHC) оны 5-санаттағы дауыл деп растады.

NHC мәліметтері бойынша, тайфун сағатына 14,5 км жылдамдықпен қозғалады және желдің жылдамдығы сағатына 287 км-ге дейін жетеді. Дауылдың Флоридаға жақындауына байланысты 1500-ден астам рейс тоқтатылды. Милтонға арналған ескертулер штатта 277 адамның өмірін қиған «Хелен» дауылынан бір аптадан кейін келді.