Өрт жедел түрде сөндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қазан күні сағат 16.01-де Майра көшесі бойында «Шевроле» маркалы автокөлік пен скутердің жануы туралы хабарлама түскен.
– Шақыруға шыққан өрт сөндірушілер өртті тез сөндіріп, әрі қарай таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ, – дейді департаментте.
Павлодар облысының өтенше жағдайлар департаменті азаматтарға автокөлік құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді.