Русский Сайттың толық нұсқасы

Үш адам зардап шеккен жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2024
  • 154

Полиция үш адам зардап шеккен жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Astana TV.

9 қазан күні кешке 49 жастағы ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі Тәуелсіздік көшесімен келе жатып, екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, кенеттен жасалған маневрдің себебі жүргізушінің денсаулығының нашарлауы болды, - деп жазылған ақпаратта. 

Апат салдарынан барлық зардап шеккендер әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.