Жақында Қазнетте күйеуіне керосин шашып, өртеп жіберген зейнеткер туралы ақпарат пайда болды. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелдің ұсталғанын түсіндірді. Ер адам алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ, тілшінің сауалына полиция Медеу аудандық полиция бөлімі кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.