Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында төрт мыңға жуық қайыр сұраушы жауапқа тартылды

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2024
  • 157

Қайыр сұрау құқық бұзушылық болып табылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кейбіреулер өмір сүру тәсілі ретінде өтіп бара жатқан адамдардан барлық әдістермен ақша сұрайды, ал басқалары бірдеңе сатып алуды ұсынады, мұның бәрі, әдетте халықтың наразылығын тудырады.

– Заң тұрғысынан мұндай құбылыс құқық бұзушылыққа жатады. Бұл әрекеттер үшін қолданыстағы заңнамада бап қарастырылған, – деді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Руфат Кенжин.

Талап ету түрінде немесе кәмелетке толмағандарды тарта отырып жасалған жағдайда ғана жазаға тартуға болады.

Мысалы, полицияға Павлодар қаласының тұрғыны М.Жүсіп көшесіндегі жол бойында қайыр сұрап отырған ер адамға шағымданды. Басқа жағдайда полицияға қалалық дүкендердің жанында өтіп бара жатқан адамдардан ақша сұраған ер адамға қатысты ақпарат түсті.

– Қайыр сұрау құқық бұзушылық болып табылады және бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолдануға әкеп соғады. 2024 жылдың басынан бері құқықтық тәртіп сақшылары қоғамдық орындардан қайыр сұраған 3631 адамды жауапқа тартты, – деді Руфат Кенжин.

Аталған фактілер бойынша құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.