Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада лицензиясыз косметологиялық ота жасаған келіншек сотталды

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2024
  • 261

Ота барысында жарамдылық мерзімі өтіп кеткен филлерді пайдаланған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соның себебінен жәбірленушінің жағдайы қиындап, қабыну процесі жүріп, дәрігерлерге жүгінуге тура келген.

Сот үкімімен кінәлі тұлғаның 1 жыл 6 айға еркіндігі шектеліп, медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Мәжбүрлі еңбекке тартылатын болады.

Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына материалдық және моральдық шығын ретінде 5,8 млн теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.