Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда көлік жүргізушісі бірнеше адам қағып кетті

Қостанайда көлік тізгіндеуші қаланың қақ орталығында екі адамды қағып кетті.Жантүршігерлік оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жүйткіген жеңіл көлік кенеттен оңға бұрылып, бірнеше жаяу жүргіншіні жаншып тоқтады. Оқиға қалалық ішкі істер бөлімінің дәл алдында болған. Полицияның хабарлауынша, 49 жастағы жүргізушінің денсаулығы сыр беріп, көлік тізгініне ие бола алмай қалған көрінеді.Соның салдарынан маневр жасауға мәжбүр болған. 

АБЫЛАЙ ТӨЛЕУ, ҚАЛАЛЫҚ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Көлік құралын басқару кезінде жүргізуші ауырып қалған.Соның салдарынан тротуарға күрт бұрылып, екі адамды қағып кеткен. Жаяу жүргіншілер мен жүргізуші дереу жарақат пунктіне жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша, қалалық ауруханаға үш адам жеткізілген. Екеуі жеңіл жарақаттанған.Оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілген соң үйлеріне жіберіліпті.Ал аяғына зақым келген 24 жастағы бойжеткен емханаға жатқызылды.

АРТЕМ ТИСЛЕНКО, ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Шұғыл операция жасалды.Алғашқы хирургиялық көмек көрсетіліп, сыртқы бекіту аппараты қойылды.Травматология бөлімінде жатыр.Денсуалығы қалыпты.