Алматыда 66 жастағы зейнеткер күйеуін тірідей өртеп жіберді. Қылмыстық жағдай Медеу ауданының Кербұлақ көшесінде болған. Отқа оранған ер адам үшінші дәрежелі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Дегенмен, науқастың өмірін аман сақтап қалу мүмкін болмапты. 66 жастағы әйел ішімдікке тойып алып, жұбайына керосин шашып, артынша отқа жағып жіберген.Айыпталушының бұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Медеу аудандық полиция басқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жайлар анықталуда.