Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда ерекше қажеттілігі бар балалар «Тең мүмкіндіктер» спорт фестиваліне қатысты

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2024
  • 400

Түркістанда ерекше қажеттіліктері бар балалар «Тең мүмкіндіктер» спорт фестиваліне қатысты. Түркістан аренада өткен сайыста олар жеңіл атлетиканың жекелей сыны мен эстафета және бочча бойынша бақ сынады. Жарысқа Түркістан облысының аудан-қалаларынан барлығы 10 команда келген. Аталған фестивальге "Аманат" партиясының облыстық филиалының Әйелдер қанаты мұрындық болды. Олар ерекше қажеттіліктері бар жандардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару қолайлы орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырған. 

СЫМБАТ БАБАЙХАН, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Осындай жарыстарға барып жатқаныма өте қуаныштымын. Осындай жарыстар адамдардың дене шынықтыруына және денсаулығына өте пайдалы. Мен осындай топпен, достарыммен жарысқа қатысқаныма өте қуаныштымын.