Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстікте қырылған балықтар көл жағасына шығып қалды

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2017
  • 3238

Солтүстік Қазақстанда 5 тоннадай балық қырылды. Оқиға Мамлют ауданында орын алған. Көл жағасына шығып қалған су жануарларын жергілікті тұрғындар ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Қалқып жүрген балықтар қазір жиналып алынуда. Балықтар белгісіз ауруға шалдығуы мүмкін деген болжам да жоқ емес. Алайда құзырлы орган өкілдері, су жәндіктері тұншығып қалуы мүмкін, дейді. Себебі көлдің иесі болмағандықтан, ешкім қысты күні мұзды ойып, ауа жібермеген. Қазір эпидемиологтар судан сынама алып сараптамаға жолдады. Тексеріс қорытындысы бірер күннен кейін дайын болмақ. Өлген балықтар жылжымалы крематорийде өртелді.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


Көл терең емес. Иесі де жоқ. Ешкім аэрация жасамаған көрінеді. Жақын арада балықтардың ауырған, ауырмағанын білеміз. Арнайы тексеруге жібердік.