Русский Сайттың толық нұсқасы

«Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы 8 мың нәресте дүниеге келді

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2024
  • 93

Бұл туралы ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова Орталық коммуникациялар қызметінде хабарлады, деп жазды KAZINFORM.

«Демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2021 жылдан бастап Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді, соның аясында 8 мыңға жуық көптен күткен балалар дүниеге келді», - деді М. Ембергенова.

Оның айтуынша, әйелдердің денсаулығын нығайту және кәсіби тексерулермен, алдын-ала дайындықпен және контрацепциямен қамтуды арттыру үшін «Аналар саулығы» бағдарламасы да жүзеге асырылуда.

«Сондай-ақ, Қазақстанда алғаш рет жүктілікке прегравидарлық дайындық бойынша халықаралық ұсыныстар ескерілген клиникалық хаттама бекітілді», — деп атап өтті спикер.

Еліміздегі 240 босану стационарында жүкті және босанған әйелдерге медициналық көмек көрсетіледі, онда 9 мыңнан астам төсек-орын бар, оның 43%-ы ауылдық жерлерде әйелдерді қабылдайды.