Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында «Таза бейсенбі» экоакциясы аясында 18 тонна қоқыс шығарылды

Алматы облысында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында Іле ауданында орналасқан Өтеген батыр базарының маңынан 18 тонна қоқыс шығарылды. Кезекті тазалық науқанына «AMANAT» партиясының мүшелері, базар қызметкерлері, жергілікті тұрғындар мен еріктілер қатысты. 100-ге тарта белсенді ауланы күл-қоқыстан, қураған жапырақтан, керексіз қалдықтан тазартты. Ұйымдастырушылар ауылдағы реттілікті сақтап, экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында мұндай шаралар тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті. 

АЛМАСБЕК САТИБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ІЛЕ АУДАНЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгінге дейін 8600 адам осы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты және де осы уақытқа дейін шығарылған қоқыстардың көлемі 90 мың тонна көлемінде қоқыстар шығарылды. Біздің міндетіміз осы аудан тұрғындарын тазалыққа шақыру және осы «Таза Қазақстан» акциясына, «Таза бейсенбі» акциясына қатыстыру және еліміздің, жеріміздің тазалығын әрі қарай таза ұстау.