Русский Сайттың толық нұсқасы

Жітіқарада қараусыз қалған бес бала қаза тапты

Қостанай облысында жеке тұрғын үйде өрт шығып, бес баланың өмірін қиды. Қараусыз қалған сәбилердің денесі үйінді астынан табылды. Қайғылы оқиға Жітіқара жерінде болды. Қызыл жалын 70 шаршы метр баспананы жермен жексен еткен. 7 минутта жеткен құтқарушылар өртті сөндіріп, бес бүлдіршіннің денесін алып шықты. Алдын ала таратылған мәліметке сүйенсек, балалардың анасы өрт шыққан кезде үйде болмаған. Ал күйеуі түрмеде отыр.13 жастағы үйдің үлкені ғана өрттен аман қалды. Ол от жағып, бауырларын жылытқысы келген көрінеді.Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Өрт-техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тереу барысын өз бақылауына алатынын хабарлады. 

ӨМІРЖАН ТҰҚЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Апат кезінде үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған кәмелетке толмаған балалар болған.Өкінішке орай үйінділерді тазалау барысында 5 баланың өлі денесі табылды. Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологтары туыстарына қажетті көмек көрсетуде.