Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында көшпелі қоғамдық қабылдау өтті

“AMANAT” партиясының Ақмола облыстық филиалы шалғай ауылдарды аралап, мобильді қоғамдық қабылдау өткізді. Онда олар тұрғындардың мәселері тыңдап, жан-жақты талқылап, шешу жолдарын айтты. 

Көшпелі қоғамдық қабылдау бұл жолы Сандықтау ауданын да өтті. Алдымен халық қалаулылары Каменка ауылына барды. Онда тұрғындар жол мен су мәселесі бойынша сұрақтарын қойды.

ОЛЬГА ШВЕЦОВА, КАМЕНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бізде жолмен проблемаларымыз бар. Ауылдың көшелерінде асфальт төселмеген. Жүріп тұру қиын. Қыстың күні онсызда белгілі. Осы мәселе бойынша өтініш білдірдім. Шешіліп қалар деген үміттемін.

Қоғамдық қабылдау осыдан кейін Балкашино ауылында жалғасты. Тұрғындардың айтуынша, ауданда жедел жәрдем көлігі жеткіліксіз. Қолданыстағылары әбден тозған.

МЕҢДІБАЙ КӨПОБАЕВ, БАЛКАШИНО АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Селолық округтар біздің өзі орталықтан алыс шақырымда тұрады. 80 шақырым, 70 шақырым. Сол біздің жақтын енді қыстың күні білесіздер көп қар жауады. Аяздарда ауырып қалған адамдарды біздің жақа жеткізуге қиындық туғызып тұрады. Сондықтан осы мәселені көтердім. Шешілетіндей жөні бар сияқты. Сондықтан енді сенеміз.

Тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша партиялықтар заңнама аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кеңес берді. Мұндай кездесулердің халыққа тиімділігі жоғары.

АҚМАНАТ ӘЛІМБЕТОВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тиісті жауаптарын халық алды. Сол жерде жауап бере алмаған, шеше алмайтын сұрақтарды біз бақылауға аламызда оның шешілуін қадағалап, сол арыз берген, өтініш берген адамға күні бойы байланыста боламыз.

Айта кетейік, қоғамдық қабылдауға партиялықтардан бөлек, арнайы мамандар да қатысты.