Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда кенеттен қар жауып, 25 жол апаты тіркелді

Қызылжарға қыс келді. Аймақта қар жауып, жолдар көктайғаққа айналды. Бұл көлік қозғалысына кедергі келтіріп, тұрғындардың көбі жұмыстан қалып қойған. Аймақтағы ахуалды әріптесім Абзал Құрманкин жеткізеді.

Қызылжарда күн райы күрт өзгеріп, толассыз жауған қар көлік қозғалысына тұсау салды. Көктайғақтан қорыққан темір тұлпар иелері бірден дөңгелектерін ауыстыруға кірісті. Қазір барлық бекеттерде ұзын-сонар кезек пайда болған. Жүргізушілер түнге дейін тұруға бекініп отыр.

АЛЕКСАНДР ИВАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қарды былай ерте күтпеген едік. Таңертен көпірден түсіп келе жатқан көліктің тоқтата алмадым. Сосын дереу дөңгелегімді ауыстыру керек деп шештім. Бүгін соңына дейін тұрамын.

Петропавлда осы уақытқа дейін 25 жол апаты тіркелген. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Тәртіп сақшылары барлығын сақ болуға шақырып отыр.

ЖАСҰЛАН СӘДУАҚАСОВ, СҚО ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ВЗВОД КОМАНДИРІ:

Ауа райының күрт өзгеріп, температурының төмендеуіне байланысты елді-мекеньеріңізден шықпауға кеңес береміз. Сондай-ақ, көліктеріңізді қысқы дөңгелектерге аувстыруыңызды сұраймыз. Ауа райына байланысты жолда қашықтық режимін сақтауды ұмытпаңыз.

Түнгі уақытта жағдай ушығатын болса, полицейлер барлық бағыттағы жолдарды жауып тастауы мүмкін. Жалпы, синоптиктер алдағы күндері күн қайтадан ашылады деп болжап отыр.