Русский Сайттың толық нұсқасы

Франциядағы президенттік сайлаудың алғашқы кезең нәтижесі шықты

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2017
  • 3426

Францияның Ішкі істер министрлігі елде өтіп жатқан президенттік сайлаудың алғашқы кезеңінің қортынды нәтижесін жария етті. 2 кандидат өзгелерінен оқ бойы озық шыққан. Елдегі саяси науқанның жалғасы 7-ші мамыр күні өтеді. Сайлаудың алғашқы кезеңінің  қортындысы мен саясаткерлер пікірі қандай? Толығырақ келесі бейнематериалда.

Сайлаушылардың басым дауысын жинаған «Алға» партиясының кандидаты Эммануэль Макрон 23.75% көрсеткішпен алға шықты. Әсіреоңшыл «Ұлттық майдан» партиясының көшбасшысы Марин Ле Пен 21,53% дауыспен екінші орынға жайғасқан.

Менің француз халқына деген сенімім мол. Олар Ле Пеннің екінші кезеңде билікке келуіне жол бермейді деп ойлаймын.

Қатты таңқалып отырмын. Себебі «Ұлттық майдан» алғашқылардың сапында болады деп ойламаған едім.


Жан-Люк Меланшон мен Франсуа Фийон саяси жарыстан шеттеп қалды. Алғашқы кезеңнен өткен Эммануэль Макрон мен Марин Ле Пен алғашқы жеңісін тойлап жатқанымен, оларды жеңімпаз деуге ерте. Кандидаттардың еш бірі 50% дауыс жинамағандықтан, сайлау қортындысы екінші кезеңде анықталады.

Эммануэль Макрон, Франция президенттігіне үміткер:

Франция халқының, барша патриоттардың президенті болсам деймін. Соңғы уақытта біздің елге ауқымды өзгерістер қажет болып тұр. Бүгін осы алаңға сол өзгерістерді қолдайтындар жиналып отыр деп сеніммен айта аламын.

«Ұлттық майдан» көшбасшысы, өзінің екінші кезеңге өткенін, тарихи сәт деп бағалап отыр. Есесіне Франсуа Олланд басқарған кезең елде нағыз «катастрофалық» кезең болды дейді.

Марин Ле Пен, Франция президенттігіне үміткер:

Президент сарайына жетелейтін алғашқы кезең сәтті өтті. Сондықтан маған француз ұлтының, қауіпсіздігінің, мәдениетінің алдында орасан зор жауапкершілік артып отыр. Ел еңсесін тіктеп ұстап, құндылықтарын сезіне білуде. Болашақ кіммен жарқын боларын да  біледі.

Қос кандидаттың бағдарламалары да бір біріне қарама-қарсы. Макрон Еуроодақтағы еркін сауда айналымын сөз етсе, «Мадам Frexit» атанған Ле Пен бірінші кезекте елде референдум өткізіп,  ЕО-тан шығуды көздеп отыр. 

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ