Русский Сайттың толық нұсқасы

6 жастағы Лиза Пылаеваның ісі: Айыпталғандар ақталды

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2024
  • 79

Лиза Пылаева 2019 жылдың 12 мамырында көз жұмған. Бес жылдан бері әкесі қызының өліміне бұрынғы әйелінің отбасын, яғни бұрынғы қайын жұртын айыптап келді, деп жазады turkystan.kz.

Сол күні Лиза нағашы атасының үйінде болған. Үйдегілердің айтуынша аулада ойнап отырған балаға мүсін құлаған.

Ал қыздың әкесі болса Лизаны нағашысы, яғни шешесінің сіңілісі машинамен қағып өлтірді деп айыптады.

Алайда сот айыпталушыларды ақтады. Істе куәгерлер болмаған. Сотталушылардың жауабы өзгермеген.

Іс төрт жыл тергелді. Бірнеше рет сараптама жасалды. Бес сараптама қорытындысы баланы автокөлік қаққанын жоққа шығарған.

«Апат немесе баланың автокөлікпен жанасу фактілері анықталған жоқ. Баланың денесінен жәндіктердің шаққан іздері табылған. Бұл баланың ұзақ уақыт үлкендердің назарынан тыс қалғанын білдіреді», - делінген сот хабарламасында.

Сот Лизаның анасы Леонарда Рыжакованы, Ольга Шмакованы, Уктам Махмудовты ақтады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.