Мемлекет басшысы экс-сенаторға алғыс айтты. Бұл жаңалықты Президенттің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Astana TV.
«Президент экс-сенатор Ләззат Қалтаеваға Парламенттің жоғары палатасындағы белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылық білдірді. Оның тәжірибесі мен білімі еліміздің қоғамдық-саяси өмірін одан әрі дамытуға үлес қоса беретініне сенімді екенін атап өтті», — жеп жазды Берік Уәли.