Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада бір күнде 118 жол-көлік оқиғасы тіркелді

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2024
  • 132

Бүгін, 12 қазанда Астанада 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам зардап шекті. Полиция елорда тұрғындарына ауа райының нашарлауына байланысты үндеу жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаменті жүргізушілерден өте мұқият болуды сұрайды.

«Ауа-райының нашарлауына байланысты (қар жауды, кей жерлерде көктайғақ пайда болды) 12 қазанда елорда жолдарында 118 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам дене жарақатын алды. Жазғы дөңгелектері бар автокөліктердің жұмысын ескере отырып, полиция департаменті жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, көлік тежегішін күрт баспауды, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды, белгіленген орындарда тұраққа қоюды, жол бойында жеке көлікті қалдырмауды, сондай-ақ патрульдік полицейлердің талаптарын орындауды сұрайды», - деп хабарлады полициядан.

Полицейлер астаналықтарға күрделі метеожағдайларға байланысты қала сыртындағы трассалардағы қозғалысты мезгіл-мезгіл шектейтінін ескере отырып, қаладан тыс алыс сапарлардан бас тартуға кеңес береді.