Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында балалар үйінің екі тәрбиеленушісі жоғалып кетті

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2024
  • 137

Павлодар облысында жасөспірім қыздар балалар үйінен жоғалып кетті. Мектеп оқушыларын полицейлер, еріктілер және аймақ тұрғындары іздеп жатыр. Кәмелетке толмағандарды іздеу хабарламасын Vita іздеу тобының еріктілері жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

16 жасар Аида Бусурманова мен 14 жасар Снежана Бабиус 12 қазанда жоғалып кеткен. Жасөспірімдер Шақат ауылы, Мира көшесі 1/1 мекен-жайынан белгісіз бағытта шыққан және осы уақытқа дейін олардың орналасқан жері белгісіз.

Снежана Бабиус: бойы 162-165 сантиметр, дене бітімі арық, көздері көк, шаштары ұзын, аққұба. Ол сұр спорттық костюм, қара жеңсіз кеудеше және жеңіл кроссовка киген.

Аида Бусурманова: бойы 158-160 сантиметр, орташа денелі, көк көзді, ақшыл шашты, қара куртка, спорттық шалбар және жеңіл кроссовка киген.

Кәмелетке толмағандардың екеуі де балалар үйінің тәрбиеленушілері.

Полиция жоғалған адамдар туралы ақпаратты растады.

«Шақат ауылында екі кәмелетке толмағанның хабар-ошарсыз кетуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта олардың орналасқан жерін анықтау үшін барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Барлық қолжетімді ресурстар мен полицияның барлық жеке құрамы іздеуге жұмылдырылды. Полиция департаменті бұл жағдайды тезірек шешу үшін барынша күш салуда және жоғалған адамдарды іздеуде кез келген ықтимал көмек көрсетуді сұрап азаматтарға жүгінеді», - деп түсіндірді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еріктілер екі қыздың да Ақсуда болуы мүмкін екенін айтады.