Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауған соғысының ардагерлері демікпемен ауыратын балалармен кездесті

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2017
  • 2667

Ауған соғысының ардагерлері демікпемен ауыратын балалармен кездесті. Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында Алматыдағы тыныс жолдарын емдейтін балаларды сауықтыру орталығында өткен басқосу отансүйгіштік тақырыбында өтті.

Интернационалист жауынгерлер соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, патриоттық өлеңдер оқып берді. Ем алып жатқан балғындар да жауынгерлерге өздері дайындаған ән-жырын арнады. Медеу шатқалында орналасқан мекеме 2011 жылы қатты дауылдан жапа шегіп, жабылу қаупі төнген. Сол тұста кей адамдар оның аумағына көз тігіп, созылмалы аурудан кейін есепте тұрған балалардың орталығын алып қойғысы келді. Бірақ қазір шипажай қалыпты жұмысқа көшкен. Жылына 1500-дей оқушыға демікпе дертінен айығуға көмектеседі. 

Әли Дабылбеков, Ауған соғысының ардагері, «Абырой» ардагерлер одағының төрағасы:

Басты мақсат - мұндағы балаларды отансүйгіштікке  үйрету. Бұл жолы осы қатар  келе жатқан екі мейрамға орай, яғни Отан қорғаушылар күні мен Халықтар бірлігі меркесіне орай келдік.